Ұстаз ұлы тұлға. Мәртебелі мамандық иесі. 5-қазан ұстаздар күніне орай Талдықорғанда да салтанатты жиын өтіп, 500-ден астам мұғалімге құрмет көрсетілді. Жетісулық педагогтер өңір басшысы Бейбіт Исабаевтың қолынан орден мен медаль тағып, алғыс хаттармен марапаталды. Жетісудың үздік мектептері мен мұғалімдері де осы басқосуда атап өтіліп, қаржылай сыйақыға ие болды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






