Жетісу облысында кезектегі азаматтар жаңа тұрғын үйлерге ие болды. Баспана кілтін беру салтанаты Социалистік Еңбек Ері Зылиха Тамшыбаеваның 90 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар аясында өтті. Жаңа үй иелеріне кілттерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев тапсырды. Баспаналы болғандардың бірі көп балалы ана Лаура Азамбаева. 8 баланың анасы 2023 жылы кезекке тұрып, бүгін қолына кілтті өңір басшысы табыстады. Өз шаңырағына қол жеткізген отбасының көптен күткен және арман еткен қуанышы бұл. Айта кету керек Көксу ауданында әлеуметтік осал топтағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Зылиха Тамшыбай ауылында 15 жеке тұрғын үй салынды. Алғашқы бес үй салтанатты жиында берілді. Қалған 10 үй де дайын. Алдағы күндері белгіленген тәртіппен тапсырылмақ.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






