Алматы облысы тұрғынының жер учаскесінен 3 тоннаға жуық марихуанна өсімдігі тәркіленді. Бұл – Полиция Департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Еңбекшіқазақ ауданы бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында анықталды. Нәтижесінде Түрген ауылы маңында өзіне тиесілі жерде тыйым салынған өсімдікті өсірумен айналысқан 44 жастағы ер адам ұсталды. Учаскені тінту кезінде 742 түп каннабис өсімдігі табылып, тәркіленген.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.