Алматы облысында жолды сапасыз жөндеген мердігер ақшаны қайтарып берді. «Көкпек-Кеген-Түп» автожолы осы айдың аяғына дейін жөнделеді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ Алматы облыстық филиалы басшысының орынбасары Жасұлан Қалтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы облысындағы «Көкпек-Кеген-Түп» республикалық маңызы бар жолды жөндеу «Іскерті» ЖШС-не жүктелген болатын. Алайда аталған компания сапасыз қызмет көрсеткендіктен, «ҚазАвтоЖол» АҚ екіжақты келісімшартты бұзып, мердігер компанияны сотқа берді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.