Алматы облысындағы бірнеше жеке балабақша жұмысын тоқтатпақ. Оған себеп 3 жылдан бері мемлекеттен ешқандай көмек көрсетілмейді. Одан бөлек өңірдегі шағын және орта бизнес өкілдері республика бойынша бізде ғана бірыңғай салықтың пайызы тым көп деп шағымдануда. Бұл туралы бүгін Іле ауданында өткен ашық алаңда айтылды. Жиынға жауапты орган өкілдері мен облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының төрағасы қатысты. Халықтың назын тыңдап, мәселенің оң шешілетініне сендірді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.