Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Жиын барысында өңір басшысы облыстық құрама пунктінің ғимараттары мен аумағын аралап, жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғаныс қызметінің жұмысын тексерді. Сондай-ақ, әкімге әскери шатырлар шығаратын “Гранит” кәсіпорнының өнімдері таныстырылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.