Панфилов ауданының Бірлік ауылдық округіне қарасты Алтынүй ауылында тұрғын үйлерге табиғи газ қосылды. Салтанатты шарада аудан әкімі Марат Сағымбек ауыл тұрғындарын құттықтап, газдандыру жұмыстарына үлес қосқан мамандарға алғыс білдіріп, марапаттар табыстады. Ауыл тұрғыны Гүлнар Иманбекованың үйі газға алғашқының бірі болып қосылды. Енді зейнеткер көмір тасып, отын дайындап, газ баллонын ауыстырудың қажеті жоқ екенін айтады. Алтыүй ауылында 4 мыңнан астам тұрғын және 800-ге жуық тұрғын үй бар. Қазіргі уақытта 166 үйге газ құбыры тартылған. Бұл жалпы тұрғын үйлердің 21,8 пайызы. Қалған 594 үйді газбен қамту жұмыстары тұрғындардың өтініштеріне сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіледі.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






