Астанада медиа саласы мамандарының басын қосқан «Астана медиа уик» апталығы басталды. «Медиа күші: үрдістер, өзгерістер, этика» деп аталатын 3 күндік шараға Алыс-жақын шет елдерден сарапшылар, еліміздің барлық өңірінен журналистер мен баспасөз-хатшылары қатысуда. Мамандар әлемдегі медиа трансформацияның ықпалы, цифрлық жауапкершілік пен масс медиа қауіпсіздігі, медиа құндылықтар төңірегінде ой қозғап, пікір алмасуда.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.