Аты жоқ көшеде тағы да жол апаты тіркелді. Талдықорғандағы “Алтын бесік” балабақшасы маңында әлі күнге атауы жоқ шағын көше бар. Зылиха Тамшыбаева көшесімен қиылысар тұсында көліктер жиі соқтығысады. Бар гәп: бұл тұста бағдаршам жоқ. Тұрғындар әкімдікке сан айтып, сан жазыпты. Нәтиже жоқ.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.