Ауылда білім шаңырағы атымен жоқ. Ал көрші елдімекендерге тасымалға автобус қарастырылмаған. Жаңа маусымда балаларымыздың мектепке жетуі мұң болып тұр. Аудандық білім бөлімі қайда қарап отыр? Сонда біздің балаларымыз оқымай ма? Талғар ауданы Айғаным ауылы тұрғындары осылай деп шу көтерді. Тақырыптыің мән жәйін тілшіміз баяндайды.
ЗКТ: Өздерінде мектеп болмағасын Айғаным ауылының оқушылары көршілес елдімекендерге қатынап оқиды. Іргедегі Еркін ауылына тасымал ұйымдастырылған. Алайда ондағы ескі ғимараттың іші тар. Балалар үш ауысыммен оқиды. Сондықтан мұндағылар білім іздеп Іле ауданының орталығы көрші Өтеген батыр кентіне баруға мәжбүр. Осыған дейін тұрғындар оған аранйы тасымал қарастырылмағандықтан жеке таксистердің көмегіне жүгініп келген. Биыл оларда бәрі қымбаттады деп аранын ашып бағаны шарықтатып жіберіпті. Тіпті қымбат бағалы таксидің өзі тапшы деп ашынады ауылдықтар.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.