Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесу өткізді. Алдымен облыс басшысы өңірдің, соның ішінде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәліметтерді баяндап, жасалған қолдаулар мен алдағы жоспарлар туралы айтты. Қала басшылығының алдына нақты міндеттер жүктеді. Тұрғындардың сауалдарын тыңдап, шешімін айтты.







