Жуырда Жетісу облысының шабандоздары “Ұлы дала жорығы” республикалық марафон-бәйгесінде жеңімпаз атанды. Бүгін чемпиондарды облыс әкімі арнайы қабылдады. Бейбіт Исабаев аймақ командасының жетістігін жоғары бағалап, құрмет көрсетті. Айта кетейік, Жетісулық жігіттер Астанадан Түркістанға дейін 1300 шақырымға созылған жарыста командалық есепте мәреге бірінші келген еді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.