Биыл Алматы облысында 38 жаңа медициналық нысан бой көтереді. Емханалар заманауи құрылғылармен жабдықталып, қызмет көрсету сапасы жақсара түседі. Бұл туралы Алматы облысына іссапармен келген Денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Өңір тұрғындарымен кездескен бас дәрігер, халықпен кездесіп түйіткілді мәселелердің шешілу жолдарын ұсынды. Қонаев қаласында өткен шараға тілшіміз Әмина Құдайберген куә болды
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.