Баптап бақсаң, бір уыс құс бөдене де берекеге кенелтеді. Қаратал ауданына қарасты Ортатөбе аулының тұрғыны – Елдар Қамитбаев бұған іс жүзінде көз жеткізген. Ол үйінің ауласында бөдене өсіреді. Табысы тасып жатпаса да, пайдасыз емес”. Бастысы- берекелі кәсіп”, – дейді. Айтуынша, ешкімнің қолдауынсыз ісін бастаған. Мүмкіндік болса, ол алдағы уақытта құстардың санын көбейтуді көздейді. Елдана Серікбайқызы бөдене шаруашылығын енді бастаған тұрғынмен тілдесіп қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.