Мемлекет басшысының былтырғы халыққа арнаған жолдауында елімізде 13 мың шақырым жол салынып жатқанын атап өткен. Осыған сәйкес Талдықорған қаласының республиклық маңызы бар айналма жолы мерзімінен бұрын пайдалануға беріліп, қозғалыс қазан айында толық ашылады. Жоспар бойынша жұмыстар келер жылдың маусым айында аяқталу керек болатын. Алайда мердігерлер қарқынды үдетіп, күн суытпай негізгі жұмыстарды аяқтаймыз деп отыр. Транзиттік көліктердің қала сыртымен кедергісіз қозғалысын қаматамасыз ету үшін республикадан 5 млрд теңге қаржы бөлінген.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






