Енді 10-11- сынып оқушылары мектепті тәмамдаған соң қолдарына аттестатпен қатар қосымша диплом алады. Оқу-ағарту министрлігінің шешімімен бұл эксперименттік пилоттық жоба ретінде іске қосылған. Қазіргі таңда Жетісу өңірінде 175 бала жаңа мамандық иесі атанбақ. Бүгін оның алғашқы түлектеріне, яғни 75 балаға диплом табысталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.