Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында 2027 жылды жалпыхалықтық құрылыс жылы деп белгіледі. Алайда Талдықорғанда құрылыс қарқыны биылдың өзінде бір сәтке бәсеңдеген жоқ. Әсіресе әлеуметтік нысандарды салу, күрделі жөндеуден өткізу сияқты жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Облыс орталығында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені, 150 орындық оңалту орталығы жаңадан салынып жатса, облыстық балалар ауруханасының ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Мұнан бөлек облыстық көркемсурет галереясы креативті индустрия орталығы болып жаңғыртылуда. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев құрылыс алаңында болып, жұмысты өзі пысықтап қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.





