Жұмысшы мамандықтар жылының мүмкіндігі… Енді 10-11- сынып оқушылары мектепті тәмамдаған соң қолдарына тек аттестат алып қана қоймай, қосымша бір мамандықты игеріп, дипломын алады. Оқу-ағарту министрлігінің шешімімен бұл пилоттық жоба ретінде іске қосылған. Бүгінгі таңда Жетісу өңірінде 175 бала жаңа мамандық иесі атанбақ. Оның 75-іне жуырда диплом табысталады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.