Талдықорғанда жетісулық Қазақстан халқы Ассамблеясының жетекші журналистер мен сарапшылар клубының қорытынды отырысы өтті. Шараға қалалық және облыстық БАҚ өкілдері қатысты. Журналистер клубтың келер жылға арналған жоспарлары мен міндеттерін талқылап, ағымдағы жұмысты қорытындылады. Сондай-ақ, мамандар Этножурналистика саласында жұмыс істейтін БАҚ өкілдерінің кәсіби қасиеттеріне тоқталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.