8 наурыз әйелдердің халықаралық күніне орай Іле ауданында әлеуметтік топтағы 22 отбасына баспана кілті табыс етілді. Игі шара «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында қолға алынған. Боралдай кенті Водник ықшам ауданы тұрғындарының қуанышымен тілшіміз бөлісіп қайтты.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.