Ел тарихы жаңғырды. Алматы облысында әйгілі “Қарадала шайқасы” қайталынып, қойылым ретінде көрсетілді. Ауқымды шараға ел өңірлері мен облыстан мыңдаған адам тарихи оқиғаны көруге жиналыпты. Олар 17 ғасырға түспесе де қазақ тұрмысы даласына жасалған жоңғар шапқыншылығының ортасына түскендей әсерге бөленді. Айта кету керек, бұл – «Ұлы даланың ұлы Есімдері» жобасының аясында ұйымдастырылған шара. Мұрындық болған Алматы облысының ішкі саясат басқармасы.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.