Қазақ тарихындағы батырлар институты және Әуез Атамқұл батыр. Осындай тақырыппен Жамбыл ауданында Қоқан шапқыншыларына қарсы ту көтерген әйгілі батыр, ел көсемі Атамқұл Кебекұлының 200 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Игі шара аясында жаңа тарихи еңбектің тұсауы кесіліп, айтулы тұлғаның ерлігі туралы кеңінен сөз болды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.