Кербұлақ ауданындағы қайтарылған активтер есебінен ел игілігіне берілген тағы бір нысан – аудандық орталық аурухана. 1986 жылы салынып, көп жылда әбден тозған еді. Бүгінде толықтай күрделі жөндеуден өтті. Ғимараттың сейсмикалық қауіпсіздігі күшейтіліп, ішкі бөлмелері жаңартылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






