Республика күні қарсаңында Кербұлақ ауданында жаңа мектеп ашылды. Бұған дейін ауыл балалары 50 жыл бұрын салынған ескі ғимаратта оқитын. Онда жылдар бойы тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оқыту екі ауысымда ұйымдастырылып, балалардың жан-жақты дамуына қажетті жағдайлар болмаған. Енді көксайлық оқушылар заманауи мектепте білім алмақ.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






