Мопедшілерге тықыр таянды. Көп көліктің арасымен зуылдап, жол ережесін елемейтін олар енді көлігін тіркеп, мемлекеттік нөмір алуы тиіс. Арнайы заңға Президент қол қойды. Бұл жол ережесін бұзатындарды бейнебақылау камералары арқылы тез анықтау үшін қабылданған шара. Себебі, қазір жол апаты азаймай тұр. Айта кетейік, биыл елімізде мопедшілердің қатысуымен 962 жол апаты болды. 39 адам қаза тапқан.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.