Бұл Кападокия емес Қонаев. Елімізде алғаш рет Алматы облысы орталығында «Мың бояулы аспан» атты әуе шарлары фестивалі ұйымдастырылды. Әлемнің түрлі мемлекеттерінен келген 30 аэростат бір сәтте аспанға көтеріліп, көпшілікке естен кетпес әсер сыйлады. Ауқымды шараға өңір 6 ай бойы дайындалыпты. Оған 40 мыңдай турист келген.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.