Заманауи технологиялар медицина саласын түбегейлі өзгертіп, медициналық көмек көрсету тәсілдеріне тың серпін беруде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында цифрландыруды ел дамуының басым бағыттарының бірі ретінде айқындаған болатын. Бұл ретте денсаулық сақтау саласына инновациялық шешімдерді енгізуге ерекше мән беріліп отыр. Жетісу облысының дәрігерлері үшін де жаңа мүмкіндіктерге жол ашылуда. Өңірде роботтандырылған хирургиялық жүйе қолданыла бастады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






