Алматы облысында ҚХА-ның «ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: КЕЛІСІМ, БІРЛІК, ТҰРАҚТЫЛЫҚ» сессиясы өтті. Бұл сәуірде Мемлекет Басшысының қатысуымен өткен 32 -ші республикалық сессияның жалғасы. Қонаевта өткен шараның бір күнінде ассамблея мүшелері арнайы талдау жиынын өткізді, қайырымдылық та жасады. Марат Елеусізұлының қатысуымен салтанатты шара да өтті. Барысынла этносаяси тұрақтылықты сақтап қалу бойынша түрлі ұсыныстар айтылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.