Өткен жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдағы денсаулық сақтау саласын жаңғыртудың маңыздылығына тоқталды. Бұл тапсырма Көксу ауданында мінсіз атқарылуда. Бүгін Айнабұлақ ауылына қарасты ПЧ-45 елді мекенінде блокты модульді медициналық пункт қолданысқа берілді. 40 түтін 140 адам тұратын шағын ауыл тұрғындары дән риза. Қыстың қырауына қарамастан, таңмен ашылу салтанатына жиналыпты. Шараға қатысып қайтқан әріптесім Аяулым Сансызбай тарқатады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.