Жетісу облысында қант қызылшасын еккен шаруа қожалықтарына субсидия төленіп берілді. Мемлекеттік қолдау бағдарламасына қатысқан барлық шаруалар өздеріне тиесілі қаражатты толық көлемде алды. Бұл аймақтағы қызылша шаруашылығын қолға алған фермерлерді қолдаудың маңызды шарасы. Субсидия төлеу- егін өсіруге жұмсалған шығындардың бір бөлігін жабуға, сапалы тұқым, тыңайтқыш сатып алуға және жабдықты жаңғыртуға мүмкіндік береді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.