Қарадала массивінің брендіне айналған өрік шаруашылығы. Бүгінде ұйғыр ауданы ауыл шаруашылығында айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп отырған өңірлердің бірі. Өрік бақтарында жыл сайын мыңдаған тонна өнім жиналып, ішкі нарықпен қатар, шет елдерге де экспортталады. Бұл өз кезегінде жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартып, аудан экономикасының дамуына үлес қосып отыр.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.