Үш жылдың ішінде Қазақстан жаңа тұрпатты ел болды. Кеше Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың 4-ші отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Жиналғандарды Амал мерекесімен құттықтаған Президент құрылтайдың қасиетті Оразамен де орайлас келуін жақсы нышанға балады. Президент осыдан 3 жыл бұрын Жолдауын тап Наурызда жариялағанын айтты. Ұлттық құрылтай туралы бастама да көтергенін еске салды. Содан бері Қазақстанда көп ілгерілеу болғанына тоқталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.