Қонаев қаласының оқушылары халықаралық білім додасында топ жарды. Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің балалары Ташкентте өткен Ғылым және Білім «XХI ғасыр көшбасшысы конференциясында» үздік деп танылды. Аталған зияткерлік сайысқа 300 оқушы мен студент қатысқан. Әр қатысушы төрт бағыт бойынша жұмыстарын ұсыныпты. Бүгін жеңімпаздарды мектеп мұғалімдері мен оқушылар және ата-аналары құрмет қошеметпен қарсы алды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.