Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі — генерал-майор Айдос Мырзахметов жұмыс сапарымен Жетісу облысына келді. Ведомство басшысы Талдықорған әскери гарнизоны құрамына кіретін бөлімдер жұмысымен танысты. 18404 әскери бөлімнің бүгінгі жағдайын зерделеп Отан алдындағы әскери борышын өтеп жатқан сарбаздардың тыныс-тіршілігін көріп қайтты. Министрмен бірге өңір әкімі Бейбіт Исабаев бірге жүріп аймақтағы әскери құрылымдармен жергілікті атқарушы биліктің серіктестігін тілге тиек етті. Бөлімнің кейбір мәселелерін шешуге қолдау көрсетіп, алдағы уақытта десантты шабуылдаушы бригадасының сарбаздарға арналған моншасын жөндеу жұмыстарына қолғабыс ететінін жеткізді. Сондай-ақ бөлімнің жылу жүйесін қатты отыннан табиғи газға ауыстыру мәселесіне тоқталды. Айта кету керек 18404 әскери бөлімі еліміздің ең үздік қорғаныс құрылымдарының бірі.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






