Талдықорғанда Әскери-техникалық мектептің 30-дан аса сарбазы Отан алдында әскери ант қабылдады. Салтанатты рәсімге Қарулы Күштердің ардагерлері және сарбаздардың туыстары қатысты. Олар қырық күн бойы тиісті даярлықтан өтті. Бұл ағымдағы жылдың әскери-мектепті тәмәмдаған түлектердің 6-шы легі. Мерген мамандығын меңгеріп шыққандар. Үздік атанып, жоғарғы нәтижеге қол жеткізгендер басшылық құрамнан алғыс хат табысталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.