Тарихын түгендеген ұрпақ азбайды. Талдықорғанда Жоңғар шапқыншылығы кезеңінде ел қорғаған Жолбарыс би Жылқайдарұлына ескерткіш орнатылды. “Рухани жаңғыру” бағдарламасы сеп. Ескерткіш ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Талдықорған қаласының 20 жылдығы сынды атаулы даталар тұсында ашылып, шаттыққа шаттық еселеп отыр. Атап өтерлігі, батыр баба мүсіні “Жолбарыс би” қоғамдық қорына жиналған қаржыға тұрғызылды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.