Талдықорғанда 37 отбасы үйлі болды. Көпшілігі әлеуметтік осал топ санатында кезекте тұрғандар. Осы кезге дейін баспана қиындығын көріп келген отбасылар бұл қуанышты сәтті ұзақ күткен. Талдықорғанда халықты баспанамен қамту мәселесі оң шешімін тауып келеді. Қазір тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жалпы соңғы екі жылда облыс орталығында 3 мыңға жуық пәтер берілген.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.