Сарыөзек ауылында республика күні қарсаңында 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Баспана кілті аудан орталығында апатты үйлерде тұрып жатқан тұрғындарға табысталды. Ауданда 2024 жылдан бері жалғыз үйлері апатты деп танылған азаматтарды жаңа баспанамен қамту жұмыстары қолға алынды. Айта кету керек дәл осы санаттағы тұрғындардың мәселесін шешу құзыреті аудан әкімшілігіне биыл қайта берілді.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.






