Қазақстан – трансшекаралық су көздеріне тәуелді ел. Президент бүгінгі жолдауында Үкімет су саясатын жүргізіп, трансшекаралық суларды пайдалану мәселелерін шешу қажет – деді. 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін екенін айтып дабыл қақты. Су ауыл шаруашылығы саласында көп жұмсалатыны белгілі. Алайда сол судың 40 пайызы ысырап болып жатыр. Су шаруашылығы нысандарының 60 пайызы тозып тұр.
https://youtu.be/Z7bq5WxyvWg?si=sa6q7phwpTN-uvZa