Уақыт пен қаражатты үнемдеу. Жылжымайтын мүлікті жеке қызметке жүгінбей-ақ халыққа қызмет көрсету орталығында тіркеуге болады. Бұл қызметті рәсімдеу үшін екі данада құрылған сатып алу-сату шарты, жылжымайтын мүлік техпаспорты мен мүлікке құқық белгілейтін құжаттар қажет. Ал үй құрылыс компаниясынан сатып алынса, сізге қосымша сату туралы шешім ұсыну міндеттеледі. Мұндағы қызметкерлердің айтуынша, Алматы облысы тұрғындарының басым бөлігі – мүлікті тіркеу – халыққа қызмет көрсету орталығында да жүзеге асатынын білмейді. Сондықтан, жеке қызметке жүгінеді. Ал ондай операциялар көп уақыт алады.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.