Алматы облысында 4 мыңнана мемлекеттік қызметші болса, оның тең жартысынан көбі әйел адамдар. Басшылық қызметте жүрген нәзік жандардың 8 наурыз мейрамы қарсаңында басы қосылды. Қонаев қаласы төрінде Салтанатты жиын ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мен облыс әкімдігі құттықтап, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Мемлекеттік органдардың басшылары, бөлім бастықтары және ауылдық округ әкімдеріне гүлдер мен естелік сыйлықтар табысталды.
«Жетісу» телеарнасы – Жетісу облысындағы басты өңірлік арна. Біз күнделікті аймақтың маңызды жаңалықтарын, мәдени шараларын және өзекті тақырыптарын көрермен назарына ұсынамыз.
Бағдарламаларымыз кең аудиторияға арналған және қазақ, орыс тілдерінде шығады. Бұл өңірдің тілдік және мәдени сан алуандығын сақтауға септігін тигізеді.