Жаңа оқу жылынан бастап 11-14 жастағы қыздарға адам папилломасы вирусына қарсы вакцина салынады. Жатыр мойны обырына адамның папиллома вирусынан туындаған инфекция әсер етеді. Вирусты жұқтырудың жалғыз жолы – вакцинация. Бұл туралы облыстың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары мәлімдеді.