25 қазан – Республика күні. Ұлттық мәртебе берілгеніне 2 ші жыл. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы. Ұлттық құрылтайға жиналғандар қуана құптаған-тын. 2022 жылы, 29 қыркүйекте арнайы заңға қол қойды. Тарихи әділеттік орнады. О баста, Республика күні күнтізбедегі қызыл күн еді. 2009 жылдан Нұрсұлтан Назарабевтың Жарлығымен алынып тасталғаны мәлім. 16 желтоқсан Тәуелсіздік күнін асқақтату үшін асыра сілтенген шешім екені аян. Бүгінде қос тарихи дата өз биігін иеленді. Бірі – ұлттық, бірі – мемлекеттік мереке. Жетісулықтар Талдықорғанда салтанатты түрде ту көтеріп, ұлттық мерекеге құрметтерін танытты.