Елімізде алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада өтеді. Жарысқа тіркеу 30-қазаннан 15-қарашаға дейін жалғасады. Аталған бастама қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы бақ өкілдерімен кездесуінде баяндады.