Биыл жергілікті атқарушы органдар тарапынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 40 пәтер берілді. Талдықорған мен Текелі қаласының оқушылары мен студенттері қоғамдық көлікте тегін жол жүрумен қамтамасыз етілді. Аталған шаралар балалар жылында жасалған жұмыстар. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің орынбасары Рустам Али БАҚ өкілдерімен өткен кездесуінде мәлімдеді.