Биыл Алматы облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының алқабы 3,2 мың гектарға ұлғайған. Бұл туралы ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері мәлімдеді. Биыл ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес облыс бойынша 457,4 мың гектар дәнді дақылдар егілген. Жалпы алғанда дәнді дақылдар мен масақты яғни жүгері, бидай, арпа секілді дәнді-дақылдардың көлемі 121,8 мың гектарға артты.