«Ауылым – алтын бесігім»! Алматы облысының аудан, қалаларында – «Мәдениет күндері» байқауы басталды. Байқау басын «Қонысы Қарасайдың құтты мекен» деген атпен алғашқы болып Қарасай жұрты бастады. Ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын игі шараның артығы мен кемшін тұстарына арнайы комиссия мүшелері баға береді.