Алматы облысында медицина қызметкерлері тапшы. Әсіресе шалғай аймақтарға жас мамандардың барғысы жоқ. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаевтың төрағалығымен өткен алқа отырысында айтылды. Өңірдің бас дәрігері Ләззат Ақтаева денсаулық сақтау басқармасының жарты жылдық қортындысы бойынша есеп берді.