Алматы облысындағы саяжайлардағы жол, жарық мәселелері шешіледі. Мұнымен қоса, онда әлеуметтік нысандар бой көтеруі мүмкін. Бұл туралы Алматы облысына іс-сапармен келген ҚР Премьер-Министінің орынбасары Алтай Көлгіновпен кездесуде айтылды. Жиын Қонаев қаласында аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевтың қатысуымен өтті.