Алматы облысының әкімі туризм мен құрылыс саласы бойынша Сингапурмен ынтымақтастық орнату бағытын айқындады. Бұл мәселе облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев пен Сингапурдің сауда және индустрия Министрлігі өкілдерінің кездесуінде талқыланды. Іскерлік басқосу барысында екі тарап бір-біріне дипломатиялық қарым-қатынас құру мүмкіндіктерін ұсынды. Аясында облыс орталығының құрылысы мен G4 City жобасын бірлесе жүзеге асыру мәселесінің тиімді тұстары қаралды.